Саудияда ірі мұнай зауыты шабуылға ұшырады
Сауд Арабиясының мұнай өңдейтін ең ірі зауыты Иран дрондарының шабуылына ұшырады.
Соққы Таяу Шығыстағы басты энергетикалық нысандардың бірі – Рас-Таннураға жасалды. Бұл туралы «Блумберг» хабарлады. Қос дронның шабуылынан кейін өрт шықты.
Саудия билігінің мәлімдеуінше, от тез сөндірілген және ешкім зардап шеккен жоқ. Алдын ала жүргізілген тексеріс нәтижесі негізгі жүйелерге зақым келмегенін көрсетті. Бірақ сонда да зауыт жұмысы тоқтап қалған. Business Upturn мәліметіне сәйкес, Сауд Арабиясы экспорттайтын барлық мұнайдың 75 пайызы аталған зауытпен байланысты айлақ арқылы өтеді.