АҚШ пен Израильдің Иранға әуе шабуылынан кейін доллар күрт қымбаттады
АҚШ валютасы 0,7 пайызға көтерілген. Бұл кейінгі 1,5 айдағы ең жоғары көрсеткіш.
Таяу Шығыстағы қақтығыс басталғалы инвесторлар капиталын сенімді активтерге сала бастады. Еуроның долларға қатысты бағамы 0,75 пайызға арзандады. Британиялық фунт долларға қатысты 0,7 пайыз құнын жоғалтты. Жапон иені 0,52 пайызға әлсіреген.