Йемендегі әуе соққыларынан 16 адам қаза тапты
Йеменнің астанасы Сана мен Ходейда портты қаласына жасалған әуе соққыларынан 16 адам көз жұмды, деп хабарлайды 24KZ.
Қаза болғандардың арасында әйелдер мен балалар бар. Тағы бірнеше адам ауыр жараланып, жансақтау бөліміне жеткізілді, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі. Соққыдан кейін хуситтер Сауд Арабиясын шабуылдарды күшейтті деп айыптады. Ал корольдік Эр-Рияд, Таиф және Янбу қалаларына бағытталған үш баллистикалық зымыранның жойылғанын мәлімдеді.