Кувейтте 4 АҚШ сарбазы оққа ұшты

Таяу Шығыстағы операциялар кезінде 4 АҚШ сарбазы мерт болған. Тағы 18-і жараланды.

Бұл туралы Құрама Штаттар Қарулы күштерінің Орталық қолбасшылығы мәлімдеді. Америка штабының хаттамасы бойынша бақилық болған жауынгерлердің аты-жөні олардың туыстарына хабар бергенше жария етілмейді. Бұл 4 сарбаз Кувейтте оққа ұшқан. Анығы тактикалық жедел әрекет ету орталығына жасалған шабуыл кезінде көз жұмды.