Ираннан 300-ден астам адам эвакуацияланды

Тегераннан 300-ден аса адам шықты. Олар Иран мен Әзербайжан шекарасындағы өткізу бекеті арқылы өткен. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.

Мәліметке сәйкес шекарадан өткендердің басым бөлігі - Әзербайжан, Қытай, Ресей, Пәкістан және Сауд Арабиясының азаматтары. Барлық азаматтар тиісті тексерістен өтіп, ресми түрде ел аумағына жіберілген. Шекара бекеті күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті.