«Хезболланың» барлау басшысы қаза тапты
Израиль Ливан астанасы Бейрутқа әуе соққысын жасап, осы кезде «Хезболла» барлауы қызметінің басшысы Хусейн Маклед көз жұмды.
Ол Израиль әскері туралы мәлімет жинап, талдау және стратегиялық есеп ісіне жетекшілік еткен. Мұның алдында «Хезболла» Израильдің солтүстігін бомбалаған болатын. Аймақта дабыл ойнап, тұрғындар қауіпсіз жаққа шұғыл көшірілген.