Еуропада газ бағасы 45%-ға қымбаттады

Еуропада газ бағасы күрт өсті. Associated Press агенттігінің хабарлауынша, Лондондағы ICE биржасында газдың бір мегаватт-сағаты 46 еуродан асты.

Бұл шамамен 53 АҚШ долларына тең. Яғни көгілдір отын құны бірден 45 пайызға қымбаттады. Бағаның шарықтауына QatarEnergy компаниясының сұйытылған табиғи газ өндірісін уақытша тоқтатуы себеп. Мұндай шешім Таяу Шығыстағы шиеленіс салдарынан компания нысандарына жасалған шабуылдан кейін қабылданған. Қатар – Еуроодаққа сұйытылған газ жеткізетін ірі экспорттаушылардың бірі. Оның үлесіне Евро Одақ импортының шамамен 14%-ы тиесілі.