АҚШ Иранның әскери нысандарын жойды

АҚШ-тың Қарулы күштері Иран аумағындағы бірқатар әскери нысанды жойды.

Талқандалған орындардың тізімі Американың Орталық қолбасшылығының "ИКС" әлеуметтік желі парақшасында жарияланған. Олардың арасында Ислам революциясы сақшылары корпусының басқару қосыны, әуе шабуылына қарсы тойтарыс беру жүйелері, зымыран ату қондырғылары, дрондар мен әскери аэродромдар бар. Ресми Вашингтон Иранның басқару режиміне қарсы операция жалғасатынын ескертті. Осының алдында АҚШ-тың Қорғаныс министрі "Біздің мақсатымыз – Иранның  зымырандарға қатысты бүкіл әлеуетін жою" деген болатын.