АҚШ Кубаға қарсы санкцияларды күшейтті

Бұл туралы мемлекеттік департаменттің баспасөз қызметі хабарлады. Жаңа шектеулер бес мұнай танкері мен энергетикалық сектордағы бірқатар ұйымға енгізілді.

Аралдағы өндіріс, технология және теңіз тасымалы саласында жұмыс істейтін шетелдік тұлғалар да қара тізімге ілікті. 

АҚШ пен Куба арасында қарым-қатынас қаңтар айынан бастап қайта шиеленісті. Вашингтон Гаванаға мұнай жеткізетін елдерге баж салығын енгізген еді. Салдарынан аралда энергетикалық дағдарыс басталды. Қазір елде электр қуаты өндірісі қажетті көлемнің жартысына да жетпейді.

Сондай-ақ оқыңыз: