Ираннан 900-ден астам адам эвакуацияланды

Ираннан шетел азаматтарын эвакуациялау жұмыстары Әзербайжан аумағы арқылы жалғасып жатыр. 

Елдің Сыртқы істер министрлігінің мәліметі бойынша, осы уаққа дейін Ираннан 917 адам шыққан. «Азери-Пресс» агенттігі 25-тен астам мемлекет өз азаматтарын Әзербайжан арқылы эвакуациялау жөнінде ресми өтініш бергенін хабарлайды. Эвакуация «Астара» өткізу бекеті арқылы жүзеге асып жатыр. Шекарадан өткен адамдар Бакуге жеткізіліп, одан әрі өз отандарына жіберіледі.