Израиль: Иранның құпия ядролық штабын жойдық
Иранның құпия ядролық штабы жойылды. Бірер сағат бұрын Израиль Қорғаныс күштерінің ресми өкілі Эффи Дефрин осылай деп мәлімдеді.
Оның айтуына қарағанда, бұл нысан Тегеран қаласының маңында жер астына жасырылған. Мұнда ғалымдар ядролық қару жасау мақсатында жасырын жұмыс істеп келген. Израиль әскери күштері олардың қозғалысын аңдып, нысанға нақты соққы жасадық деп отыр.
Эффи Дефрин, Израиль Қорғаныс күштерінің ресми өкілі:
- 2025 жылы маусымда «Адуынды арыстан» операциясы кезінде Израиль Иранның ядролық инфрақұрылымына елеулі соққы берді. Бұдан соң Иран билігі бағдарламаның бір бөлігін құпия жерасты бункерлеріне көшірген. Режим бұл әрекетін қалпына келтіріп, жасыра аламыз деп ойлады, алайда біз оны дер кезінде анықтадық.