ХАМАС-тың қауіпсіздік басшысы мерт болды
Израиль әскері Газа секторында ХАМАС қозғалысының қауіпсіздік қызметін басқарған Наим Әбу Нахельдің көзін жойды, деп хабарлайды 24KZ.
Мұны Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мәлімдеді. Ол Израильдің кезекті әуе шабуылы кезінде көз жұмған. Наим Әбу Нахельдің қаза тапқанын Газа секторының Ішкі істер министрлігі де растады. Ведомство мәліметі бойынша 50 жастағы қауіпсіздік басшысы Израиль барлау қызметтерімен байланысы болуы мүмкін палестиналықтарды анықтаумен айналысқан.