Иранда құрбандар саны 800 адамға жетті
Иранда АҚШ пен Израильдің әуе шабуылынан қаза тапқандар саны 800 адамға жетті.
Бұл туралы халықаралық «Қызыл Жарты Ай» ұйымының баспасөз қызметі хабарлады. Tasnim агенттігі жариялаған мәліметке сәйкес, елдің 153 елді мекеніндегі 504 нысанға шабуыл жасалды. 3 600-ден астам фельдшер жараланғандарға медициналық көмек көрсетіп жатыр. Қираған жерлерде іздеу-құтқару жұмысы жалғасуда.