АҚШ Таяу Шығыста әскери ұшақтарын көбейтті

Құрама Штаттар аймаққа тағы 12 жойғыш ұшағын аттандырды. Радарда көрінбейтін F-35A әуе кемелері Ұлыбританияда аздап аялдап, Таяу Шығысқа бет алды. 

Бұл жойғыш ұшақтарды Пентагон қайда шоғырландырғалы жатқаны әлі белгісіз. Алайда әскери авиацияның көп бөлігі Иорданияда орналастырылған. Itamilradar порталының дерегі бойынша, қазір АҚШ Иран маңына 250-дей жойғыш ұшағын топтастырған.