Иранның жаңа Жоғарғы көшбасшысы сайланды
Иранда елдің жаңа Жоғарғы көшбасшысы болып Моджтаба Хаменеи сайланды. Ол – Иранның бұрынғы Жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменеидің ұлы.
Бұл шешімді Конституциялық өкілетке ие Сарапшылар кеңесі қабылдады. The New York Times басылымының дерегі бойынша кеше Ислам Республикасының Жоғарғы Көшбасшысын тағайындауға қатысты жиын өтті. Мұнда Моджтаба Хаменеидің есімі негізгі үміткер ретінде аталған. Дін өкілдері оны бүгін ресми түрде мұрагер деп жариялауды ұсынған. Алайда мұндай қадам Моджтабаны АҚШ пен Израильдің басты нысанына айналдыруы мүмкін. Сондықтан бұл мәселені кейінге қалдыруға мәжбүр. Иранның рухани көсемі Әли Хаманеи 28 ақпанда Құрама Штаттар мен Израиль әуе соққысы кезінде қаза тапты.