Франция мен Грекия Кипрге көмек жібереді

Франция британдық әуе базасына жасалған шабуылдан кейін Кипрге әскери көмек жіберу туралы шешім қабылдады.

Франция президенті Эмманюэль Макрон Жерорта теңізіне әскери кеме, зымыранға және дрондарға қарсы қорғаныс жүйелерін жөнелтуді тапсырғанын айтты. Сондай-ақ аралға Грекия да жәрдем бермек. Ресми Афина Кипрге жойғыш ұшақтарды жібергелі жатыр. Бұған дейін Иранда жасалған әскери дрон британдық Акротири базасының ұшу-қону жолағына зақым келтірген еді. Кипр шабуылды Иранның қолдауына ие ливандық «Хезболла» ұйымы жасаған болуы мүмкін деп санайды.