Израиль Ливан астанасына шабуылды күшейтті
Израиль армиясы Ливан астанасы Бейрутқа әуе соққысын үдетті. Әскери ұшақтар шаһардағы бірнеше ғимаратты бомбалады.
Зардап шеккендер туралы әзірге ақпарат жоқ. Бұған дейін Израиль армиясы Ливанның оңтүстігін атқылаған. Ұшақтар Хезболла қозғалысының 60-қа жуық нысанға соққы жасады. Әскерилер қару-жарақ қоймалары мен зымыран қондырғыларын жойдық дейді. Иранның рухани көсемі Әли Хаменеидің өлімінен кейін Хезболла Израильге соғыс жариялады. Тель-Авив қарап қалмай, бірден қарымта шабуылға көшті. Кейінгі дерек бойынша, Израильдің әуе шабуылдарынан Ливанда 30 мың тұрғын босып кетті.