Куба мұнай тапшылығынан жарықсыз қалды

 Кубаның батысы мен орталығы тас қараңғыда қалды.

Өйткені бұл елде мұнай тапшы. Бұған дейін "қара алтынды" Венесуэла жеткізетін. Бірақ Вашингтон мұның бәрін шектеп тастады. Бұдан бөлек Кубада электр желілері де тозған. Осының салдарынан қазір миллиондаған адам жарықсыз отыр. Телеарналар мен радиолардың жұмысы тоқтады. Мейрамханалар жабық. Бағдаршамдар істен шыққан соң көлік апаты жиілеген. Кей аймақтарда жарықты тәулігіне небәрі 3-4 сағатқа қосады.

Анжели Авилес, жергілікті тұрғын

- Сыртқы әлеммен байланыстан қол үзіп қалды. Жаһанда не болып жатқанын да білмейміз. Өйткені теледидар қосып, жаңалық қарай алмаймыз. Ешкімге хабарласа алмай отырмыз. Өйткені қоңырау шалайық десек, байланыс та жоқ.