АҚШ әскері шабуылдың бірінші күні $779 млн жұмсады

АҚШ Қарулы күштері Иранға қарсы ұрыс қимылдарын бастаған бірінші күні 779 миллион доллар жұмсады. 

Бұл – биылға арналған әскери бюджеттің 0,1 пайызы. Бұл туралы «Анадолы» агенттігі хабарлады. Шығынның жартысы «Томагавк» зымырандарын атқылауға кеткен. Қалған ақша атқыш және барлау ұшақтарын пайдалану мен басқа мақсаттарға бағытталған.