АҚШ Кувейттен елшілік қызметкерлерін көшірді
АҚШ Кувейттен елшілік қызметкерлерін шұғыл көшірді.
Америкалық CBS News телеарнасының дерегі бойынша дипломатиялық миссия өкілдеріне серверлердегі құпия ақпаратты өшіріп, барлық маңызды деректі жою тапсырылған. Бұған дейін Кувейт әскері Ираннан ұшырылған зымыранды қағып түсіргенін мәлімдеді. Алайда зымыран сынықтары елді мекенге құлап, бір көлік бүлінген. Зардап шеккендер жоқ.