Үндістанға Ресейден мұнай алуға рұқсат етілді

АҚШ Үндістанға Ресейден мұнай сатып алуға уақытша рұқсат етті.

Құрама Штаттар Қаржы министрі Скотт Бессенттің айтуына қарағанда, осыған дейін енгізілген шектеу тек 30 күнге күшін жояды. Америка мен Израильдің шабуылынан соң, Тегеран Ормұз бұғазындағы кеме қатынасын шектеп тастады. Демек әлемдік нарықта мұнай азайып, баға күрт өсуі ықтимал. АҚШ бұған жол бермеу үшін Үндістанға осындай жеңілдік жасамақ. Вашингтон бұдан Ресей табысқа кенелуі екіталай деп санайды. Өйткені теңізде қаңтарылып тұрған танкерлердегі мұнайды ғана сатып алуға рұқсат беріп отыр. Айта кетейік, кейінгі саудада қара алтын бағасы барреліне 86 доллардан асып түсті.