АҚШ пен Венесуэла қатынасы қайта жанданады
АҚШ пен Венесуэла арасындағы дипломатиялық байланыс қайта жанданады.
Мұны Құрама Штаттар Мемлекеттік департаменті жариялады. Вашингтон бұл аймақта саяси тұрақтылықты нығайтуға сеп болады деп санайды. Сондай-ақ Венесуэлаға экономикасын аяққа тұрғызуға көмектеспек. Бұдан бөлек, демократиялық сайлау өтіп, жаңа билік бейбіт жолмен келуін қолдайтынын жеткізді. Еске салайық, Каракас АҚШ-пен 2019 жылы ат құйрығын кесісті. Сол кезде Вашингтон венесуэлалық оппозиция жетекшісі Хуан Гуайдоны уақытша президент деп мойындаған болатын.