Иран рухани көсемін сайлауды кейінге қалдырды
Иран жаңа рухани көсем – аятолланы сайлауды кейінге шегерді.
Бұл туралы New York Times газеті жазды. Шешім Израиль Қорғаныс министрі Исраэль Кацтың мәлімдемесінен кейін қауіпсіздік мақсатында қабылданды. Ол марқұм ХаманеИдің орнына сайланған кез келген рухани көсем Израиль әскерінің нысанасына айналады деген болатын. Сондай-ақ сайлауды тоқтата тұруға АҚШ президенті Дональд Трамптың "Эн-Би-Си Ньюс" ((NBC News)) телеарнасына берген сұхбатында "Вашингтон Иранның басшылығын толық ауыстыруға ұмтылады" деп мәлімдеуі де әсер еткен. Ақ үй басшысының айтуынша, Иранды басқаруға қолайлы бірнеше үміткердің тізімі жасап қойылған. Ал New York Times басылымы Ислам Республикасының рухани көсемі болуға шейіт болған аятолланың ұлы Моджтаб Хаменеиді басты үміткер деп жазды.