АҚШ-та торнадодан алты адам қаза тапты
АҚШ-та жойқын торнадо соғып, алты адам опат болды. Тағы 12 адам жараланды.
Дүлей дауыл Мичиган штатының оңтүстігіндегі Юнион-Лейк аумағында, Оклахома мен Техас штаттарында ойран салды. Тұрғын үйлер мен ғимараттар қирап, ағаштарды тамырымен жұлып құлатты. Кейбір аудандарда электр жарығы өшіп, жолдар жабылды. Мамандардың айтуынша, дауылға Мексика шығанағынан келген жылы әрі ылғалды ауа ағыны мен Ұлы көлдер маңындағы салқын ағынның түйісуі себеп болған. Синоптиктер алдағы тәуліктерде АҚШ-тың орталық және солтүстік аймақтарында дауылды ескерту жариялады.