Әзербайжан елшілігін эвакуациялап жатыр
Әзербайжан Ираннан елшілігін эвакуациялап жатыр. Бұл туралы елдің Сыртқы істер министрі хабарлады.
Шешім Нахичевань аумағына жасалған дрон шабуылынан кейін қабылданды. Бұған дейін Баку бұл оқиғаны айыптап, оның халықаралық құқық нормаларына қайшы екенін мәлімдеген еді. Ал Иран қарулы күштері дрондарды біз ұшырған жоқпыз деп, айыпты жоққа шығарды. Әзербайжан тарапы тергеудің нәтижесін күтіп отыр.