Пәкістанда жанармай қымбаттады
Пәкістан үкіметі жанармай бағасын шамамен 20 пайызға көтерді. Бұл туралы елдің мұнай министрі Мусадик Малик мәлімдеді.
Сарапшылар шешімнің инфляцияны күшейтіп, халықтың әлеуметтік жағдайына әсер етуі мүмкін екенін айтады. Әсіресе Карачи мен Лахор сияқты ірі қалалардағы жанармай бекеттерінде ұзын-сонар кезек пайда болды. Айта кетейік, Пәкістан қара алтынның басым бөлігін Сауд Арабиясы мен Біріккен Араб Әмірліктері елдерінен Ормуз бұғазы арқылы импорттайды.