АҚШ Израильдегі әскери ұшақтарын көбейтті
АҚШ Таяу Шығыста бес қаруын сайлап жатыр. Пентагон Израильге 40-тан аса жанармай құйғыш ұшағын әкелді. Әскери борттардың қозғалысын бақылайтын Military Air Tracking Alliance порталының дерегі бойынша Рамон әуебазасында 25, Увдада төртеу, Тель-Авивтегі Бен-Гурион әуежайында 18 америкалық ұшақ тұр.
The Wall Street Journal басылымының мәліметіне қарағанда Құрама Штаттар Израильдің зымырандарға қарсы жүйесін күшейтіп жатыр. Өткен аптада Техастан шыққан ұшақтар аймаққа Patriot жүйесін жеткізген.