АҚШ Венесуэланың жаңа билігін ресми түрде мойындады

Америка Құрама Штаттары Делси Родригез бастаған Венесуэла билігін ресми түрде мойындады.

Бұл туралы Дональд Трамп Флорида штатының Дорал қаласында өткен  “Американың қалқаны” атты шарада мәлімдеді. Ақ үй басшысы Каракаспен тығыз ынтымақтастық орнағанын айтып, мұнай саласындағы әріптестіктің күшейгенін жеткізді. Оның сөзінше, американдық ірі компаниялар Венесуэлада белсенді жұмыс істеп, мұнайдан түсетін табысты ел тарихындағы ең жоғары деңгейге жеткізген. Сондай-ақ Дональд Трамп Венесуэла билігінің Вашингтонмен өзара іс-қимылын оң бағалап, ресми мойындау туралы шешім осы аптада заңды түрде рәсімделгенін атап өтті.  

Дональд Трамп, АҚШ Президенті

«Николас Мадуроны тұтқындау операциясынан кейін біз Венесуэланың жаңа президенті Делси Родригеспен тығыз жұмыс істеп келеміз. Ол бізбен бірге тиімді жұмыс істеп жатыр. Егер ынтымақтаспаса, мұндай баға бермес едім. Қазір Венесуэлада мұнай өндірісі айтарлықтай артты. Ел бұрын-соңды болмаған табысқа қол жеткізіп отыр. Онда американдық ірі мұнай компаниялары жұмыс істеп жатыр. Түскен қаржы қатаң бақылауда, дұрыс бағытта жұмсалып жатыр. Осы аптада біз Венесуэла үкіметін ресми түрде, заңды түрде мойындадық».