АҚШ-та торнадо салдарынан 8 адам қаза тапты

АҚШ-та торнадо құрбандарының саны 8 адамға жетті. Тағы ондаған америкалық жарақат алған. Бұл туралы USA Today хабарлады.

Құйын елдің орталық және шығыс аймақтарында соққан. Мичиган, Оклахома, Миссури мен Техас штаттары зардап шекті. Желдің екпіні сағатына 130 шақырымға жеткен. Үйлер мен ғимараттар қирап, ағаштар опырылды және электр желілері үзілді. Торнадодан кейін бұршақ жауған. Синоптиктер қолайсыз ауа райы әлі бірнеше күн сақталады деп ескертті.