Мұнай бағасы барреліне $111 дейін өсті

Brent маркалы мұнай бағасы барреліне шамамен 111 долларға жеткен. Бұл кейінгі төрт жылдағы ең жоғары өсім.

Бағаның өсуі Таяу Шығыстағы геосаяси шиеленістің күшеюімен байланысты. Әсіресе әлем мұнайының шамамен 20%-ы тасымалданатын Ормуз бұғазы маңындағы дағдарыс нарықты алаңдатып отыр. Жағдайға байланысты АҚШ президенті Дональд Трамп мұнай бағасының қымбаттауын уақытша құбылыс деп бағалады. Оның айтуынша, Иранға қарсы операция аяқталғаннан кейін нарықтағы баға қайта төмендеуі мүмкін. Ақ үй басшысы мұны жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолындағы уақытша шығын деп атады.