Бангладеште жанармайға шектеу енгізілді

Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуына байланысты Бангладеште жанармай сатып алуға шектеу енгізілді.

Бұдан былай мотоцикл иелері күніне 2 литрден, ал жеңіл көлік жүргізушілері 10 литрден артық құя алмайды. Жанармай бекетіне қайта келгендер кассада чек көрсетуге міндетті. Қазір ел астанасы Даккада ұзынсонар кезек қалыптасты. Тұрғындар неғұрлым көбірек жанармай сатып алу үшін түрлі амал істеп әлек. Бангладеш мұнай-газ импортына тәуелді ел.