Сербия мұнай экспортын уақытша тоқтатады

Сербия үкіметі мұнай мен мұнай өнімдерін экспорттауға уақытша тыйым салды. Шектеу 19 наурызға дейін күшінде болады.

Елдің тау-кен және энергетика министрлігінің мәліметінше, дизель отыны мен бензинге де шектеу енгізілді. Шара ішкі нарықты тапшылықтан және бағаның күрт өсуінен қорғау үшін қабылданды. Сербия президенті Александар Вучич елде бензин мен дизель қоры шамамен 90 күнге жететінін мәлімдеді. Мажарстан да мұнай экспортын уақытша тоқтату туралы шешім қабылдады.