Йемендегі мұнай станциясына шабуыл жасалды
Йемендегі Сана қаласына мұнай компаниясының станциясы мен бас кеңсесіне шабуыл жасалды.
Әуе соққыларынан 6 қызметкер жараланған. Хуситтер тарапы шабуылды Сауд Арабиясының ұшақтары жасады дейді. Бұл туралы "Рейтер" агенттігі хабарлаған. Бұдан бөлек елдің оңтүстік-батысындағы Таиз провинциясы мен оңтүстігіндегі Аден портты қаласы да зиян шекті. Сауд Арабиясы бастаған коалицияның әуе соққылары мен хуситтердің дрон шабуылынан 5 адам қаза тауып, тағы 18 адам жараланған. Айта кетейік, хуситтер 2014 жылдың соңында Сана мен Йеменнің солтүстік бөлігін басып алып, 2015 жылы халықаралық деңгейде танылған үкіметті қолдау мақсатында Саудия бастаған әскери коалиция қақтығысқа араласты.