Таяу Шығыстан 8 585 қазақстандық елге оралды
Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты 8 585 отандасымыз елге оралды. Оның 66-сы Ираннан келді.
Бұл жөнінде елдің Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді. Аймақтағы ахуалға байланысты азаматтарды әуе және құрлық арқылы эвакуациялау жұмыстары жалғасып жатыр. Алдағы күндері Израильден – 78, Қатардан – 350, Біріккен Араб Әмірліктерінен – 550, Сауд Арабиясынан – 300 адамды қайтару жоспарда бар. Министрлік Таяу Шығыс елдеріне сапарға шықпауға кеңес береді. Бахрейн, Мысыр, Израиль, Йемен, Иордания, Ирак, Иран, Қатар, Сауд Арабиясы, Кувейт, Ливан, Оман, Біріккен Араб әмірліктері және Сириядағы жағдай әзірге тұрақсыз.
Ерлан Жетібаев, ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі:
- Әуе рейстерінен бөлек жер үсті жолдары арқылы да жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, Әзербайжан, Армения және Түрікменстанның құрлықтағы шекаралары арқылы эвакуациялау жүргізілуде.