Иранда қаза тапқандар саны 1300-ден асты
АҚШ пен Израильдің соққылары басталғалы бері Иранда 1,3 мыңнан астам бейбіт тұрғын қаза тапқан.
Бұл туралы елдің БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Әмір Саид Иравани мәлімдеді. Қақтығыс салдарынан шамамен 9700 азаматтық нысан қирап қалған. Олардың ішінде 8 мыңға жуық тұрғын үй, 1,6 мыңнан астам сауда және қызмет көрсету орталығы, сондай-ақ медициналық мекемелер, мектептер мен Қызыл Крест ғимараттары бар. Соққылар энергетикалық инфрақұрылымға да зиян келтірген. Жағдайға байланысты Иранның сыртқы істер министрі Аббас Аракчи PBS News арнасына берген сұхбатында АҚШ-пен диалогты қайта бастау мәселесі әзірге қарастырылмайтынын мәлімдеді.