Абу-Дабиге әуе рейстері тоқтатылды

British Airways Абу-Дабиге қатынайтын барлық әуе рейстерін жыл соңына дейін тоқтатты. Бұл туралы компания әлеуметтік желідегі парақшасында хабардар еткен.

Шешім қабылдауға Таяу Шығыстағы қақтығыс себеп. Сонымен қатар ертеңге дейін Тель-Авив, Амман, Бахрейн, Дубай мен Дохаға рейстер шегерілген. Израиль, АҚШ пен Иран арасындағы қарулы қақтығыс басталғалы негізгі әуе бағыттары жабылып, он мыңдаған жолаушы далада қалды. Халықаралық әуе компаниялары рейстерді басқа қауіпсіз жақтарға ауыстырған.