АҚШ Украинаға қатысты келіссөзді шегерді

АҚШ Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты реттеуге арналғанүш жақты келіссөздерді кейінге шегерді. Жаңа кездесу келесі аптада өтуі мүмкін.

Бұл туралы Дональд Трамптың арнаулы өкілі Стивен Уиткофф CNBC эфирінде мәлімдеді. Келіссөздер 10-11 наурызға жоспарланған еді. Кездесу уақытының ауысқанын Украина президенті Володимир Зеленский де растады. Ол Таяу Шығыстағы қақтығыстың ушығуына байланысты ұсынысты АҚШ тарапы жасағанын айтты. Басқосу алаңы ретінде Түркия немесе Швейцария қарастырылып жатыр. Соңғы кездесу ақпанның ортасында Женевада өткен болатын.