Таяу Шығыстан 100-ден астам қазақстандық елге қайтарылды
Таяу Шығыстан тағы 69 қазақстандық эвакуацияланды. Ал Ираннан Түрікменстан шекарасы арқылы жерүсті бағытымен үш азамат шығарылды.
Отандастарымыздың 68-і Израильден елге оралды. Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, қазір өңірлердегі дипломатиялық өкілдіктері тіисті іс-қимылды үйлестіру жұмыстарын жалғастырып жатыр. Олар Қазақстан азаматтарымен тұрақты байланыс орнатып, қажетті көмек көрсетуде.