Канада Арктиканы қорғауды күшейтіп жатыр

Канада Арктикадағы аумағын қорғау және дамыту үшін 26 млрд доллар инвестиция құюды жоспарлап отыр.

Бұл туралы осы елдің премьер-министрі Марк Карни мәлімдеді. Қаржы әскери инфрақұрылым мен 2 азаматтық әуежайды жаңартуға жұмсалмақ. Үкімет басшысы аталған бағдарлама Канаданың Артикадағы қорғаныс қабілетін күшейтіп, АҚШ-тың қолдауына деген тәуелділікті азайтуға бағытталған дейді. Айта кетейік, Арктика аумағы 4 млн шаршы шақырым жерді қамтиды. Көп бөлігіне әлі адам аяғы тимеген. Дональд Трамп Канадаға қарсы салық енгізгелі екі елдің арасы суып кетті. Енді ресми Оттава әскери бюджетін ұлғайтып, НАТО-ға аударатын ақша көлемін 2 пайызға арттыруға барын салып жатыр.