Қытайда жастар белсенділік танытып жатыр

Қытайдағы Қазақстан азаматтарының 75,5 пайызы дауыс берді. Бұл – жергілікті уақытпен сағат 17:00-ге дейінгі көрсеткіш. Басым көпшілігі – жастар.

Бүгінде Қытайда 6 мыңға тарта қазақстандық студент білім алып жүр. Кәмелеттік жасқа толғандары белсенділік танытуда. Олардың ішінде еліміздің болашақ мықты инженерлері, білікті мұғалімдер мен аудармашылар, IT саласы тіпті келешек ғарышкерлер де бар. Сонымен қатар осы елде іссапарда және саяхаттап жүріп қайырылған азаматтар да бар. Айта кету керек, референдум учаскелері Бейжіңнен бөлек, Шанхай, Сиань, Гонконг сияқты ірі қалаларда жұмыс істеп тұр.

Гүлдана Жұмина, студент:

- Қазіргі таңда осы мұнай инженерия мамандығында оқып жатырмын. Жалпы осындай маңызды күнде дауыс беру - ол әрбір қазақ азаматының жауапкершілігі және құқығы.