Иран Ормуз бұғазын жақын арада ашпайды

Иран Ормуз бұғазын жақын арада ашпайды. Ислам Республикасы Саяси кеңесінің хатшысы Мохсен Резайи осылай деп мәлімдеді. Оның айтуына қарағанда, өткелді Парсы шығанағы елдері бақылауға тиіс.

«Бұл мәселеде Иран мен Оман негізгі рөл атқаруы керек», - дейді ол. Сондай-ақ Құрама Штаттар бұл аймақтан әскерін шығарып, өтемақы төлесе ғана, Тегеран соғысты тоқтату мәселесін қарастыруға дайын болмақ.