Маск жаңа буындағы чиптерді өндіруді бастады
Илон Маск жасанды интеллектке арналған бесінші буындағы микрочиптерді өндіруге бағытталған Terafab жобасын іске қоспақ. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.
Жаңа чиптер Tesla көліктеріндегі автономды жүргізу жүйесінің негізгі технологиялық бөлігі болмақ. Жоба ресми түрде 21 наурызда басталады. Масктың айтуынша, мұндай шешім әлемдік нарықта чип тапшылығына байланысты қабылданған. Сондықтан компания қажетті бөлшектерді тұрақты қамтамасыз ету үшін өндірісті дамытуға кіріскен.