Tesla Cybertruck шығаруды тоқтатады
Tesla компаниясы 2027 жылдан бастап Cybertruck электр-пикапын шығаруды тоқтатады, деп хабарлайды «24KZ».
Бұл туралы компания басшысы Илон Маск X әлеуметтік желісіндегі парақшасында мәлімдеді. Мұндай шешімге модельге деген сұраныстың төмендеуі себеп болған. Былтыр Tesla АҚШ-та 20 мыңға жуық Cybertruck көлігін сатты. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 50 пайызға аз. Алғашында Илон Маск жыл сайын мұндай көліктің 250 мың данасын шығаруды жоспарлаған. Енді компания өндірісін толықтай автономды Cybercab электрмобиліне бағыттауды көздеп отыр.