Иран АҚШ нысандарына соққы беретінін ескертті

Иран АҚШ-тың Қызыл теңіздегі әуе тасымалдағыш кемесімен байланысы бар нысандарды шабуылдайтынын ескертті. Бұл туралы парсы елінің Орталық штабы мәлімдеген. 

Ресми Тегеран америкалық USS Gerald R. Ford алып кемесін тікелей қауіп ретінде қарастырады және кемеге қызмет көрсететін логистикалық және сервистік нысандарды нысанаға алуды заңды қадам деп санайтынын жеткізді. Осының алдында Ислам революциясы сақшылар корпусы кейінгі бірнеше күн бойы АҚШ-тың Таяу Шығыстағы әскери базаларына шабуыл жасап, радарлар мен басқа да аса маңызды инфрақұрылымының 80 пайыздан астамын жойғанын айтқан болатын.