Жапония Ормуз бұғазына әскерін жібермейді
Ал Жапония әскери кемелерін Ормуз бұғазына жіберетін ойы жоқ. Мұны осы елдің Қорғаныс министрі мәлімдеді.
Синдзиро Коидзуми мәселені бейбіт жолмен шешу қажет деп санайды. Конституцияға сай, Токио тек өз қауіпсіздігіне қауіп төнсе ғана әскери күш қолдануға құқылы. Осы айда Жапония премьер-министрі АҚШ-қа баруға тиіс. Санаэ Такаичи Ақ үйде осы мәселені талқыламақ. Себебі Күн Шығыс елі мұнайдың 90 пайызын Таяу Шығыстан импорттайды. Сондықтан аймақтағы қақтығыс Токионың экономикасын тығырыққа тіреуі мүмкін.