Кабулда әуе шабуылынан 250 адам қаза тапты

Кабулға жасалған әуе шабуыланан 400 адам қаза тапты. Тағы 250-ден астамы жарақат алды. Бұл туралы Ауғанстанның Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Жарылыстар кеше кешкісін болды. Дрондардың бірі наркологиялық ауруханаға құлады. Ауғанстан билігі бұл шабуылға Пәкістанды айыптап отыр. Алайда ресми Исламабад мұны жоққа шығарып, операция кезінде әскери нысандар мен қару-жарақ қоймалары нысанаға алынғанын мәлімдеді. Кейінгі деректерге сәйкес шекара маңындағы атыс кезінде Пәкістан тарапынан 12 әскери қызметкер қаза тапты.