Трамп Қытайға сапарын кейінге шегеруі мүмкін

АҚШ Президенті Дональд Трамп Қытайға сапарын кейінге шегеруі мүмкін. Кездесу 31 наурыз бен 2 сәуір аралығына жоспарланған болатын.

Алайда Ақ үй басшысы: «Таяу Шығыстағы шиеленістен соң, дәл қазір Бейжіңге бару орынсыз» деп санайды. Сондықтан АҚШ-Қытай саммитін 1 айға кейінге шегеру туралы келіссөз жүріп жатқанын жеткізді. 

Тақауда Президент Трамп Ормуз бұғазындағы кеме тасымалын қалпына келтіру үшін бірқатар елден көмек сұрады. Соның ішінде Қытай да бар. Шығыстағы көршіміз энергетикалық шикізаттың жартысын, ал  табиғи газдың үштен бірін Таяу Шығыстан импорттайды. Сөйте тұра, Бейжің әскери кемелерін өңірге жіберуге уәде бермеді.