Иранның Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы өлтірілді
Израиль әскері Иранның Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Әли Лариджаниді өлтірді.
Бұл туралы Израиль Қорғаныс министрі мәлімдеді. Оның сөзін "Рейтер" және "Ассошиейтид Пресс" агенттікттері жариялады. Бірақ Иран билігі әлі ешқандай ресми ақпарат таратқан жоқ.
Исраэль Кац, Израиль Қорғаныс министрі:
- АҚШ президенті Дональд Трамп Иран басшылығына қоятын адамдардың жетіспей жатқанын айтты. Ал маған жаңа ғана Бас штаб бастығы Жоғарғы Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Лариджани және Иранның Орталық қуғын-сүргін аппараты – "Басидждің" басшысы Сүлейманидің кеше түнде көзі жойылғанын хабарлады. Осылайша олар тозақтың түбіндегі Хаменеидің қатарына қосылған.