АҚШ Иранмен соғысқа $48 млрд жұмсады
АҚШ Иранға шабуылы кезінде осы уақытқа дейін 48 миллиард доллар жұмсады. Бұл – Associated Press мәліметі. Агенттіктің ақпары бойынша бұл сомаға тек жауынгерлік операциялар ғана емес, техника мен оқ-дәріге жұмсалған шығын да кіреді.
Бірақ Таяу Шығыстағы америкалық базалардың зақымдануына байланысты шығындар енбеген. Бұдан бір ай бұрын соғыс шығыны 47 миллиард долларға бағаланған болатын.