ЮНЕСКО: Жерорта теңізінде цунами болады

Жерорта теңізінде алдағы 30-50 жылда цунами болады.

Ең үлкен қауіп сейсмикалық белсенділік жоғары саналатын Түркия, Грекия мен Италия жағасына төніп тұр. Бұл туралы осы бағытта арнайы зерттеу жүргізіп келе жатқан ЮНЕСКО сарапшылары мәлімдеді. Олардың болжамынша, толқындардың биіктігі 1 метрге жетуі мүмкін. Мамандар мұның өзі аймақтағы тұрғындар үшін аса қауіпті дейді. Жерорта теңізінде ХХ ғасырдың басынан бері цунамиге жақын, алып толқындар жүздеген мәрте болған, дейді мамандар.